Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2345 Қаулысы
(2010.03.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2345 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған
стартегиялық жоспары
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің миссиясы және пайымдауы
Миссиясы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) тұтынушылар және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің мүдделері теңгерімінің негізінде салалық реттеуіш ретінде экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмысы істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Пайымдауы
Реттелетін қызметтерге тарифтердің болжамды деңгейі, тиімді жұмыс істейтін субъектілер, инфрақұрылымға және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне кедергісіз әрі кемсітусіз қол жеткізу.
Агенттік темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнай тасымалдау, су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi, азаматтық авиация, айлақ қызметі саласында реттеуіш болып табылады және оған осы салаларда тарифтік және техникалық реттеу функциялары берілген.